Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер бейнекамера арқылы ұрыны анықтады

Қарағандыда полицейлер бейнекамера арқылы ұрыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне дәріханалардың бірінен хабарлама келіп түскен. Белгісіз біреу дүкен витринасынан ингалятор мен электронды тіс щеткасын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 65 мың теңгені құрады.

Дәріханада орналасқан бейнекамераны қарау арқылы полицейлер – бұрын мүліктік қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 28 жастағы ер адамды анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

23 қазанда криминалдық полиция қызметкерлері кінәсін мойындаған күдіктіні қолға түсірді. Айғақты заттар алынды.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұрының сауда орындарында болған екі ұрлыққа қатысы барын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру