Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында заңсыз балық аулаған үш браконьер ұсталды

Қарағанды облысында заңсыз балық аулаған үш браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы ПБ-ның табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Су қоймаларының бірінің жанында тәртіп сақшылары белгілі бір топтың көліктің жүксалғышына бірдеңе тиеп жатқанын байқаған.

Барлық күдіктілер – 51, 64 және 40 жастағы үш ер адам ұсталды. Олардың барлығы заңсыз балық аулаумен айналысқан жергілікті тұрғындар болып шықты. Полицейлер олардан 107 келі жаңа ауланған балық пен резеңке қайықты тауып, тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру