Петропавлда 60-тан астам полицей мен ардагер марапатталды
Петропавлда Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай 60-тан астам қызметкер мен ардагер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі полиция бөлінісі – Петропавл қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері мен ардагерлері үшін Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді.
Учаскелік полиция инспекторлары, тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, жедел уәкілдер – өңірдің ең ірі қаласында қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау және қоғамдық, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі жүктеме қала полицейлеріне жүктеледі. Қалалық полиция басқармасында алған тәжірибенің сапасы жоғары: бұндай тәжірибеден кейін полиция қызметкерлері кез-келген лауазымда қажет болатын дағдылар мен кәсіби қабілеттерге ие болады.
Қалалық полицейлерді Қазақстан полициясының мерейтойымен Петропавл қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жанболат Батырбеков құттықтады. Сондай-ақ, Петропавл қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин, облыс орталығындағы құқық қорғау органдарының басшылары да жылы лебіздерін білдірді.
Петропавл Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов жеке құрам мен ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтады. Түрлі наградтармен, грамоталармен және алғыс хаттармен 60-тан астам қызметкер мен ардагер марапатталды. Оның ішінде жедел-криминалистикалық бөлімнің бастығы Тимур Әбділманов, мерекенің құрметіне офицер мерзімінен бұрын “полиция подполковнигі” атағын алды. Әсіресе полиция қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс айту сәті ерекше әсерлі болды: криминалист Маржантай Төлегенқызының анасы Айгүл Сембинаға, полиция аға сержанты Мирас Ерденовтың ата-анасы Абай мен Гәкку Нұрмұқановтарға, тергеуші Кристина Дрягинаның ата-анасы Константин мен Елена Дрягинаға, сондай-ақ әкімшілік полиция инспекторы Альбина Қыпшақпаеваның ата-анасы Қайсар мен Самал Аяғановтарға алғыс білдірілді.
Салтанатты жиын концертпен аяқталды, бұдан кейін полицейлер құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет орындарына аттанды.