Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полицейлер жоғалған екі қызды іздеп тапты

Солтүстікқазақстандық полицейлер жоғалған екі қызды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда 10 жасар қыздың ата-анасы әуреге түсті. 16 маусымға қараған түні олар қызының жоғалғанын байқаған, ол кезде отбасы саяжайда болған еді. “102” арнасына қоңырау түскеннен кейін, жоғалған қыз туралы бағдар барлық қызметтер мен бөліністерге жіберілді. Іздеуге еріктілер, белсенділер және ниет білдірген адамдар да қатысты. Барлығы баланы іздеуге 150-ге жуық адам жұмылдырылды. Абырой болғанда, ата-анасы бекер алаңдаған. Іздеу іс-шаралары барысында қыздың жүрген жері анықталды: ол әжесінің үйінде болған, немересін алып кеткен әжей баланың ата-анасын ескертпеген екен.

– Екі күннен кейін полицияға қала тұрғыны хабарласып, үйдің ауласынан оның 4 жастағы қызы жоғалғаны туралы айтқан. Белгілі болғандай, ол көрші үйде ойнап жүрген. Ата-аналарға кішкентай балаларын мұқият қадағалап отыруды естеріне саламыз. Егер сіздің үйде танысыңыздың баласы ойнап жүрсе, бұл жайлы оған міндетті түрде хабарлаңыз. Кәмелетке толмағандар жоғалған жағдайда шұғыл полицияға жүгіну қажет, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

СҚО полицейлері жыл басынан кәмелетке толмағандардың жоғалғаны туралы 45 өтініш қабылдады. Олардың бәрі іздеп табылды. Барлығы адамдардың із-түссіз жоғалғаны туралы 189 хабарлама түсті, оның ішінде бүгінгі таңда 184 адамның жүрген жері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру