Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық полицейлер екі күн бұрын жоғалған жасөспірім қызды тапты

Көкшетаулық полицейлер екі күн бұрын жоғалған жасөспірім қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 маусымда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны жүгініп, 13 жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлады. Анасының айтуынша, 20 маусымда қыз бөлек тұратын әкесіне қонаққа кетіп, оралмаған.

Жоғалған адамды іздеуге ювеналды полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бағытталды. Жасөспірімнің әкесіне келмегені анықталды.
Тәртіп сақшылары барлық полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар жодап, жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел іс-шаралар өткізді.

Іздеу шараларының нәтижесінде жасөспірім қыз екі сағат ішінде таныстарынан табылып, үйіне қайтарылды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жалпы, жылдың басынан бастап облыс орталығында кәмелеттік жасқа толмағандардың жоғалуы және үйден кетуі бойынша 19 факті тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру