Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда демалыс күндері қоғамдық қауіпсіздік күшейтілген режимде қамтамасыз етілді

Өткен демалыс күндері Петропавлда бірқатар бұқаралық іс-шара өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция қызметкері жұмылдырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасай" стадионында өткен футбол матчында алаң иелері Ақтөбе командасымен кездесті. Ойын кезінде полицейлер стадион аумағы мен оған іргелес көшелерде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін күшейтілген режимде қамтамасыз етті.

Сонымен қатар "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында көрермендер арасында тазалық сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұқаралық демалыс орындарында полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратты.

Ауа райының ыстық болуына байланысты Пестрое көліндегі жағажайларда азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Полиция қызметкерлері демалушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіріп, қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстады.

Петропавлдың басты алаңында ұйымдастырылған концертке жүздеген қала тұрғыны мен қонағы жиналды. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті полицияның түрлі бөліністерінен тартылған 50-ден астам қызметкер қамтамасыз етті.

Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның күнделікті басты міндеттерінің бірі.

– Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне полицияның барлық бөліністерінің қызметкерлері, соның ішінде арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының мамандары да тартылады. Олардың негізгі міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, азаматтарға қажетті көмек көрсету, сондай-ақ "Заң мен Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету, – деді ол.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру