Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен

Петропавлда ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қалалық ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері Сәтпаев көшесіндегі Военторг дүкеніне жасалған қарақшылық шабуыл фактісін тергеуде.

Шамамен сағат 11:30-да медициналық қара түсті бетперде киген адам дүкенге кірген. Сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны иемденген. Сатушы полицияға жүгінген. Петропавл қалалық ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы бірден іске кіріседі. Бейнебақылау камераларының жазбалары ұқсас адамның жүріп өткен жолын анықтауға мүмкіндік берді.

Келесі күні, 29 наурызда жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні Қызылжар ауданының Белое ауылында ұстады. Күдікті ақпан айында бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан бұрын сотталған 23 жастағы Есіл ауданының тұрғыны болып шықты.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Шығын соммасы 12 жарым мың теңгені құрады. Пышақ тәркіленіп алынды. Ұсталған күзетпен қамауға алынды.

– Осындай оқиғалардың жолын кесу – полицейлердің бизнес өкілдерімен өткізетін жоспарлы жұмысының мақсаты. Ортақ әрекеттермен бейнебақылау, “дабыл түймелерімен” жабдықталуы және қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайтын басқа да қорғаныс шараларынан тұратын кәсіпкерлік объектілерінің қауіпсіздік құрылымы мен техникалық нығайтылуы жасалады. Аталған шаралар профилактикалық жұмыстардың күшті құралы, ал қылмыс жасалғанда – жылдам ашылуына ықпал етеді, – деп хабарлады Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру