Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда есірткілік масаң күйдегі жүргізуші ұсталды

Петропавлда есірткілік масаң күйдегі жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтар күні Петропавл қаласында Интернациональная көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 35 жастағы қала тұрғыны басқарған JAC автокөлігін тоқтатқан. Медициналық куәландыру жүргізушінің есірткілік масаң күйде екендігін көрсетті. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау камерасын қамалып, көлік арнайы тұраққа қойылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналуда.

– Барлығы 13 күнде СҚО-да масаң күйде басқарудың 26 фактісі анықталды. Осы уақыт ішінде облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Масаң күйде көлік жүргізу ауыр салдарымен жол-көлік оқиғасын жасауға әкелетінін естен шығармауды сұраймыз. Осы әрекет үшін заңмен жеті жылға көлік басқару құқығынан айыратын қатаң жауапкершілік көзделген, — деп хабарлайды СҚО ПД бастығының орынбасары Қанат Айтбаев.

Барлығы жедел-профилактикалық іс-шара өткен уақытта облыста 1400 астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру