Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда пробация қызметкерлері мен сотталғандар зейнеткердің ауласын қардан тазалап берді

Петропавлда пробация қызметкерлері мен есепте тұрған сотталғандар зейнеткердің ауласын қардан тазалап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері есепте тұрған сотталғандармен білгесіп мүгедек зейнеткер Анна Павловнаға тиесілі тұрғын үйдің іргелес аумағын қардан тазалап берді.

Аталған іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Қар тазалауға көмек алу үшін зейнеткерлер Жастар ресурстық орталығың еріктілеріне жүгінеді.

Оларға көрсетілген көмек және қамқорлық үшін Анна Павловна осы іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру