Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жол апаты салдарынан Lada Largus жүргізушісі көз жұмды

Петропавлда Урал жүк көлігімен соқтығысу салдарынан Lada Largus жүргізушісі қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 23 қараша сағат 07:48-де “102” жедел арнасына Петропавл сыртындағы айналма жолда LADA Largus және Урал 5557 көліктерінің соқтығысқаны туралы куәгерлерден қоңырау келіп түсті. Соқтығысу нәтижесінде алынған жарақаттардан LADA Largus жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталмақ. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Дүйсенбіден СҚО жолдарында үш жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан екі адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды.

Қолайсыз күн райына және көктайғаққа байланысты полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жолдарда сақ болып, Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды. Жүргізушілер қауіп пайда болған жағдайда жол-көлік оқиғасын болдырмас үшін қауіпсіз қашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауы, сондай-ақ, маневр жасауда абай болуы, жылдамдықты барынша азайтуы қажет. Жаяу жүргіншілер жолдардан тек рұқсат етілген орындардан өтуі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру