Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды

Петропавлда жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтар күні таңғы сағат 8 шамасында “Toyota RAV 4” автомашинасының жүргізушісі, Петропавл қаласында тұратын 53 жастағы әйел Жұмабаев көшесінде жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын соғып кетті. Нәтижесінде жаяу жүргінші қарсы бағытта келе жатқан “ГАЗ 3302” автомашинасы дөңгелегінің астына түскен.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алған жарақаты салдарынан ер адам есін жимастан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру