Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жыл басынан бері 400-ге жуық карантин шараларын бұзу тіркелді

Петропавлда жыл басынан бері 400-ге жуық карантин шараларын бұзу тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мониторинг топтары көңіл көтеру орындарын тексеруде. Басты мақсат– профилактика мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Олар көңіл көтеру мекемелерін аралау барысында қызметкерлердің бетперделер мен қолғаптардың болуын қадағалап, назарда ұстайды. Сонымен қатар мекемелердің жұмыс режимін тексереді. Соңғы үш күн ішінде Петропавлда 22:00-ден кейін жұмыс істеген үш ойын-сауық орны анықталды, яғни бұл объектілер үшін облыстың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің Қаулысын орындамау болып табылады.

Желтоқсанның бірі күні бір мекеменің масаң күйдегі қонағы полиция қызметкерлерін шақыртқан. Барған тәртіп сақшылары ойын-сауық орнында көңіл көтеріп жүрген 10-ға тарта адамды анықтады. Белгілі болғандай, бар түнгі уақытта жұмысын тоқтатпаған. Бұл факті бойынша ҚР ӘҚБтК 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) материалы жинақталды.

– Үш күнде полицейлер ойын-сауық мекемелерінің төрт әкімшісін жауапқа тартты. Полиция қызметкерлері көңіл көтеру орындарының иелері мен қонақтарымен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, жиі тексереді, – дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметін бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Жыл басынан бері Петропавл қаласында ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша мониторинг топтары 391 бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру