Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жоғалған екі бірдей жасөспірім қыз табылды

Түркістан облысында жоғалған екі бірдей жасөспірім қыз табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті екі әйел хабарласып, өздерінің 9-сынып оқитын қыздары мектепке кетіп, содан хабарсыз кеткендерін көрсеткен. 14 жастағы қыздардың аналары өз беттерінше іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен кәмелет жасына толмаған екі бірдей қызды табуға бірден кірісті. Баруы мүмкін деген аймақтарды жіті бақылап, барлық туыстары мен достарынан жауап алды. Осылайша полицейлер табандылықпен жасалған жұмыстарының нәтижесінде, аз уақыт ішінде жоғалған екі қызды мегополистен тапты.

Белгілі болғандай, қыздар жоғалардан бұрын отбасында ата-анасының арасында жанжал туындаған. Осының салдарынан екі қыз өзара ақылдасып, үйден кетіп қалуды көздеген. Содан соң мектептен шығып, өздерінің жинап жүрген ақшаларын алып, Шымкент қаласына қарай бағыт алған.

Өз кезегінде жасөспірім қыздардың аман-есен табылғанына қуанған аналары, Төлеби АПБ-нің қызметкерлеріне жеделділігі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар қыздарыңызбен сырласып, ойын толық тыңдауға шақырады. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда, тез арада “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру