Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазған тұрғыны әріптесінің атынан 3,5 млн теңгеге несие рәсімдеген

Жезқазған тұрғыны әріптесінің атынан 3,5 млн. теңгеге несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 55 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы әйел өз атына біреудің 3 млн. 500 мың теңге несие рәсімдегенін жеткізді.

Несие жәбірленушінің ұялы телефонындағы банктердің бірінің қосымшасы арқылы алынғаны белгілі болды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті арызданушының 22 жастағы әріптесі анықталып, қамауға алынды. Ұсталған адам жәбірленуші біраз уақыт бойы қараусыз қалдырған ұялы телефонды пайдаланғанын айтып, кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру