Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицей мемлекет басшысының қатысуымен болған онлайн-форумда сөз сөйледі

Петропавл қаласының учаскелік полиция инспекторы өзінің кәсіби мерекесі күні «Біз біргеміз» онлайн-форумына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Онлайн-форум аясында ел президентінің бейнеүндеуі және «Халық Алғысы» медалімен марапаттау рәсімі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға қарсы күресте ерекше көзге түскен білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласында қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтарға алығысын білдірді.Полиция аға лейтенанты Станислав Алифиренко мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеуінде, полицияда қызмет етіп жүрген жеті жыл ішінде қазіргі кезді ең қиын кезең деп атап өтті.

– Өз әріптестеріммен бірге мен блок-бекеттерде қызмет еттім. Қазір карантиндегі подъездерді, провизорлық орталықтарды күзету бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Мәжбүрлі шараларға адамдардың барлығы бірдей түсіністікпен қарай бермейді. Сондықтан вирустың таралуы жағдайында тәртіп сақтаудың маңызылығын түсіндіруге тура келеді. Менің отбасыма да, қазақстандықтардың көпшілігінің отбастары үшін де бұл кезең оңай болмады. Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің жұмысымызға жоғары баға бергеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің қолдауыңыз барлық полиция қызметкерлеріне алдағы уақытта ауыртпалық пен қиындықтарды мойымай жеңуге серпін береді. Бойымыздағы сенімділік пен қорғаныс сезімі үшін Сізге алғыс айтамыз, – деді полиция офицері президентпен болған тікелей байланыста.

Онлайн-форумға 10 солтүстікқазақстандық қатысты. Олардың барлығы «Халық Алғысы» медалімен марапатталды.

– Сіздер мейірімділік пен ниеттестіктің нағыз үлгісі болып табыласыздар. Сіздер сияқты адамдар барда кез келген қиындықтан өтеміз, – деді СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, марапат табыстауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру