Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бес ай ішінде 128 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы Полиция департаментімен бес ай ішінде 128 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Қызмет көрсетуші арқылы қағаз түрінде 35 түрлі қызмет түрі, электрондық үкімет порталы және ХҚКО арқылы электрондық түрде көрсетіледі.

Көші-қон полициясы желісі бойынша 2020 жылдың бес айында 73 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Үкімет Қаулысымен құжаттардың қолданылу мерзімі мен шетелдіктердің елде болу мерзімі ұзартылды, алайда 10 шілдеге дейін елдегі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу қажет.

– Бұл кезеңде шетелдіктерге елде болу мерзімін бұзғаны үшін санкция қолданылмайды және олар 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін елден еркін кете алады, бұл ретте көші-қон қызметінде шығу құжаттарын рәсімдеу талап етілмейдіҚазақстанда қалуды жоспарлап отырған шетелдік азаматтар мерзімі өткен құжаттарды ауыстыруға немесе ҚР аумағында одан әрі болу мерзімін 10 шілдеге дейін ұзартуға құқылы. Қазір шетелдіктер бізге елдегі жұмысқа рұқсатты ұзарту үшін жүгінеді. Сонымен, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін көшіқон қызметі басқармасы халыққа 12 мыңнан астам қызмет көрсетті, оның ішінде еңбек етуге көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат және ұзарту,  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру және ұзарту бойынша, – дейді  Ақтөбе облысының ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Олбике Успанова.

Көші-қон полициясы басқармасы шетелдіктерге тиісті визаларды береді немесе уақытша тұруға рұқсат береді. 11 шілдеден бастап елде болу мерзімін ұзартпаған шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру