Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін “Telegram-канал” ашты

Петропавл қалалық Жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері “Telegram” мессенджерінде “Между нами говоря” атауымен жаңа арнаны іске қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер аталған арнада көмекке қайда жүгінуге болатыны туралы, отбасыдағы зорлық-зомбылық психологиясына қатысты ақпаратпен бөліседі. Ақпарат жеңіл, түсінікті жазылған. Арна өз жұмысын тамыздың 29-нан бастады, келесі күні полицейлер қолданушыларға жазба арнады: “2020 жылғы 29-30 тамыз аралығында “102” пультіне жанжалқойларға қатысты шара қолдану жөнінде 15 өтініш келіп түсті. Алайда, сол 15-тің тек бесуі ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Неге? Кейбір әйелдер полиция қызметкерлері келгенше жанжалқойға жаны ашып, райынан қайтып жатады. Соңында бұдан да сорақы жағдайға душар болып қалуы мүмкін екендігін түсіне бермейді…”.

СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев “Telegram-канал” халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру міндеттерін шешуде септігін тигізетінін атап өтті.

– Полицейлермен үйдегі қатал ерден қорлық көретіндердің көмек сұрап, жүгіне алатын бірнеше байланыс арнасы құрылды, – дейді ол.

Егер “102” арнасына қоңырау шалуға немесе өзінің учаскелік полиция инспекторымен байланысуға қауіптенсе, Петропавл қ. бойынша 39-48-56, СҚО бойынша 8-715-2-61-25-30 полицияның сенім телефондарына, WhatsApp мессенджерінің 8-708-432-45-61 арнасына хабарласуына болады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған Дағдарыс орталығының 52-98-86 және 8-777-278-52-72 (WhatsApp) нөмірлері де бар. Өмірлік қиын жағдайда қалған кезде, мемлекет пен қоғамдық ұйымдар көмек көрсететін, әйелдердің заңды құқықтары мен амал-тәсілдері туралы біле алатын ақпараттық арна ғана жетіспеген. Айта кететіні, “Telegram” мессенджері арқылы да жасырын хабарласу мүмкіндігі бар, тіркелушілер үшін жарияланымдардың астындағы “Талқылау” батырмасы қолжетімді.

Мессенджерлердің пайдасы анық. Ішімдікке әуес жұбайынан ұзақ уақыт бойы зәбір көріп жүрген 35 жасар Петропавл қ. тұрғыны “WhatsApp” арқылы жүгінген. Жұбайына қаржылай және психологиялық тәуелді болған ол, өмірін өзгертуге көпке дейін оқталмаған. Тамыз айының соңында әйелдерді қорғау жөніндегі бөлімшенің қызметкері мен учаскелік полиция инспекторы әйелді Дағдарыс орталығының көмегіне жүгінуге көндірді. Жәбірленуші сегіз айлық сәбиімен сол жерден уақытша пана тапты.

Жыл басынан Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 585 бұзушы жауапқа тартылды. 14 қылмыс жасалды, негізінен дене жарақаттарын келтіру орын алған. Отбасы жанжалқорларына қатысты 807 қорғау ұйғарымы шығарылды, сотпен олардың жүріс-тұрысына қатысты 114 ерекше талап қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру