Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық тұрғындар полицияға деген сенімі туралы айтты

Петропавлда жергілікті полиция қызметі мен ерікті полиция көмекшілерінің қолдауымен полицияның сенімі мен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған әлеуметтік сауалнама жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны СҚО әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ жүргізеді. Бірінші кезеңде еріктілер қала тұрғындарына қала көшелеріндегі сауалнама сұрақтарына жауап беруді ұсынды. Сонымен қатар сауалнама “онлайн” форматта жүргізілді.

Сауалнамаға 1476 адам қатысты. Белсенділікті 28 жасқа дейінгі жастар танытты — олар сауалнамаға қатысқандардың 40%-дан астамын құрады. Алдын ала нәтиже бойынша, көпшілігі қауіпсіздік сезімі туралы сұраққа оң жауап берді. Петропавлдықтардың шамамен 80%-ы тұрғылықты жерде өздерін қауіпсіз сезінеді. 90%-дан астамы үйлерінде қабылданған қауіпсіздік шараларына қанағаттанған. 70%-ға жуығы полицияға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар көптеген қала тұрғыны нақты тілектерін білдірді: полиция патрульдері мен учаскелік полиция пункттерінің, бейнебақылау камераларының, әсіресе аула аумақтарындағы “SOS” түймелерінің санын көбейту.

– Полицияның адамға бағытталған, сервистік жұмыс үлгісіне көшу жағдайында қоғамдық пікірдің объективті көрінісін анықтауға бағытталған жұмыстың барлық нысандары ерекше маңызға ие. Біз үшін адамдардың алаңдаушылығын түсіну және алынған деректерді ескере отырып, қоғамдық қауіпсіздік жүйесін құру өте маңызды, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру