Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пиротехникалық өнімдерді заңсыз саудалаудың 8 фактісі анықталды

Қызылордалық полицейлер пиротехникалық өнімдерді заңсыз саудалаудың 8 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Қызылорда облысының аумағында “Пиротехника” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара басталғалы облыс көлемінде тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жасаудың сегіз дерегі анықталып, әрбір құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (69 450 теңге) айыппұл салынды.

Мысалы, 21 желтоқсан күні Қызылорда қаласында орналасқан сауда үйлерінің бірінде 36 жастағы азаматшаның пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатқаны анықталып, 37 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді.

Бұдан басқа  22 желтоқсан күні облыс орталығындағы дүкендердің бірінен 156 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді. Пиротехникалық өнімдермен заңсыз сауда жасаған 39 жастағы қызылордалық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Пиротехника” жедел-алдын алу іс -шарасы басталғалы қызылордалық полицейлер 100-ден астам рейд жүргізіп, нәтижесінде 267 дана сертификатталмаған пиротехникалық бұйым тәркіленді.

Рейдтік шаралар қаңтардың 10-на дейін жалғаспақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру