Подъезде кіші дәретке отырған павлодарлық әйел жауапқа тартылды
Подъезде кіші дәретке отырған павлодарлық әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 маусымда М.Горький көшесінің тұрғыны полицияға қоңырау шалып, үйге кіріп келе жатқанда, белгісіз әйелдің мас күйінде подъездің 3-қабатында дәрет сындырып отырғанын байқағанын айтты.
Көрсетілген үйге келген тәртіп сақшылары далада сенделіп тұрған әйелді кездестірген. Жиналған көршілер ласталған подъезд үшін шағымданды. Аталмыш құқық бұзушы далада жай қыдырып жүргенін айтты.
Бірақ полицейлер қала тұрғынының серуенін тоқтатып, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізуге мәжбүр болды. Жол берілген бұзушылықтар үшін әйел ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Біраз уақыттан кейін үй жануарларын серуендету ережелерін бұзу туралы Бұқар Жырау көшесінің тұрғындары хабарлады.
– Ер адам үлкен алабаймен тұмылдырықсыз жүреді, – дейді дабыл қаққан жас қыз.
Ол тәртіп бұзушыны жазалау үшін полиция қызметкерлеріне жүгінді. Өйткені аулада кішкентай баласы басқа балалармен ойнап жүрген. Иттің үргенінен, балалар қорққан.
– Ал егер ол секіріп, шабуыл жасаса не болмақ?, – деді уайымдаған қала тұрғыны.
Иттің иесі ауладан кетуге асықпаған. Мұнда оны полиция қарсы алды. Ер адаммен мұндай серуендер басқалар үшін қауіпті екендігі туралы әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Ведомствода атап өткендей, осы жылы осы бапты бұзғаны үшін өңірдің 1930 тұрғыны жауапкершілікке тартылды.