Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеге қыдырып барған астаналық азамат изолияторға қамалды

Ақтөбе қаласында ТЖ режимін бұзып, ішімдік ішкен елордалық мейман полицейді ұрғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 мамырда Ақтөбе қаласының 12 шағын ауданындағы №62 үйдің ауласында учаскелік полиция инспекторы қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкен екі ер адамды байқаған.

Полиция қызметкері жақындап келіп, тұрғындарға олардың әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын және соған сәйкес хаттама толтыру үшін  учаскелік бөлімге бару қажеттігін айтты.

Екі ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты. Полиция қызметкері жақындағанда олардың бірі қол көтеріп, екі рет ұрған.

Нұр-Сұлтан қаласының 52 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-тармағы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екінші құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу), 478-бабы (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру