Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шалқар тұрғынының үйінен мылтық тәркіленді

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны үйінің қорасында заңсыз мылтық сақтап келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті өңірдегі діни ахуалдың күрделенуіне және оғанә ртүрлі деструктивті діни ұстанушылар тарапынан кері әсерін болдырмау мақсатында мониторинг жүргізеді.

Полиция қызметкерлеріне Шалқар ауданының тұрғыны өз үйінде аңшы мылтығын сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

мамырда санкцияланған тінту жүргізу кезінде 30 жастағы жергілікті тұрғынның қорасындағы шкафтан 16 калибрлі бір ұңғылы ойық шолақ мылтық және 16 калибрлі бір патрон алынды.

Сараптама тағайындалып күдікті кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-тармағы аруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүрубойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру