Полицейлер із-түзсіз жоғалған 19 ақмолалықтың орналасқан орынын анықтады
Полицейлер із-түзсіз жоғалған 19 ақмолалықтың орналасқан орынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусымда криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Зеренді ауданы ауылдарының бірінің аумағында хабар-ошарсыз кеткен 2006 жылы туған Н.Головашеваның орналасқан орынын анықтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бурабай АПБ кезекші бөліміне 1 маусымда кәмелетке толмаған Надежда Головашева үйден белгісіз бағытта кетіп, оралмағаны туралы өтініш келіп түскен болатын.
Сондай-ақ, 19 маусым Көкшетау қаласының аумағында хабар-ошарсыз кеткен облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының орналасқан жері анықталды, ол 6 маусым күні сағат 09.00-де үйінен шығып, қайтып оралмаған.
Жалпы, жылдың басынан бері Ақмола облысының Полиция департаменті хабар-ошарсыз жоғалған облыс тұрғындары бойынша 24 іздестіру ісін тіркеді, олардың 19-ның орналасқан жері анықталды, сонымен қатар, полиция қызметкерлері 18 жасөспірімді үйлеріне қайтарды.