Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады

Тараздық полицейлер көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының ПБ патрульдік полиция батальоны қызметкерлері мас күйінде көлік құралын жүргізген 46 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) тіркелді.

Бұған дейін ер адамның мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны, сол үшін үш жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осыған қарамастан, ол досына бару үшін тағы да көлік руліне отырған.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкінді.

Сот үкімімен ер адамды өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 200 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.

Тараз қаласының Полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің қызметкерлері Қылмыстық кодекстің енгізілген өзгерістерге сәйкес “Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) алкогольдік масаң күйде басқару, көлік құралын басқару құқығынан айыру, сондай-ақ көлік құралын осындай адамға беру немесе осындай адамды басқаруға жол беру” қылмыс болып табылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру