Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мектеп автобустары автопаркының жұмысымен танысты

Алматы қаласында әкімшілік полиция қызметкерлері мектеп бағыттарына қызмет көрсететін автопаркке барып, балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарының ұйымдастырылуымен танысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полицейлер автобустардың техникалық жағдайын тексеріп, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өту тәртібі мен көліктердің техникалық бақылауына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық талаптың сақталуы басты назарда болды.

Полицияның мәліметінше, мұндай іс-шаралар профилактикалық және түсіндіру сипатында өткізіледі. Оның мақсаты – жүргізушілерден бастап автопарк қызметіне жауапты барлық тұлғаның жауапкершілігін арттыру.
Мектеп автобустары күн сайын желіге шығар алдында міндетті тексеруден өтеді. Бұл — балаларды қауіпсіз тасымалдау жүйесінің маңызды бөлігі.

— Балаларды тасымалдау қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Біздің міндетіміз – тек бақылау жүргізу ғана емес, мектеп тасымалын қамтамасыз ететін ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды жолға қою. Әрбір автобус техникалық тұрғыдан жарамды күйде жолға шығуы тиіс, ал жүргізуші міндетті медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберілуі қажет. Осындай профилактикалық жұмыстар тәуекелдерді азайтып, балалардың жолдағы қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру