Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер пышақпен қаруланған ер адамды қолға түсірді

Қарағанды облысының полицейлері пышақпен қаруланған ер адамды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қараша күні кешкі сағат 20.50 шамасында Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасына қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде белгісіз біреу жанжал шығарып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына құрамында звод командирінің орынбасары Алмаз Жолдасбеков және қызмет инспекторлары Мейіржан Дүйсекенов пен Азамат Тастенұлы бар патрульдік полиция наряды жіберілді.

– Дәлізге кіріп, жоғары көтеріліп келе жатқанымызда үш пен төртінші қабаттың ортасындағы баспалдақта белгісіз азаматты көрдік. Оның қолында пышаққа ұқсас зат болды. Өзін өте дөрекі ұстап, “пышақтаймын, өлтіремін” деп айқайлады. Дәлізге біреу шығып қалса, азаматтың қолындағы пышақ тиіп кетер деген оймен оны дереу далаға шығару керек болды. Сыртқа шығаруға тырысқанымызда ол бізге қарай ұмытылды, – дейді Алмаз Жолдасбеков.

Бұзақы далаға домалап шығып, бізге пышақ сілтеді. Бір сәтте артында тұрған инспектор Азамат Тастенұлы бұзақыға жауынгерлік самбо әдісін қолданып, жерге құлатып, қолындағы пышақты жұлып алды. Ұсталған азамат Абай аудандық Полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру