Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тұрғынның қол сөмкесін тартып алған күдіктілер ұсталды

Қарағандыда тұрғынның қол сөмкесін тартып алған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қараша күні сағат түнгі 01:20 шамасында жедел жәрдем қызметкерлері әртүрлі дене жарақаттарымен 42 жастағы қала тұрғынын ауруханаға жеткізді.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне түнгі уақытта жұмыстан қайтып келе жатқанда белгісіз біреулер оған дене жарақаттарын келтіріп, ішінде азық-түлігі бар қол сөмкесін ұрлап кеткені туралы хабарлады.

Сондай-ақ жәбірленуші азамат полицейлерге күдіктілердің жас шамасы 30-35 жас аралығында екенін айтып, олардың түрлерін сипаттап берді. Оқиға орнына келген патрульдік полиция жасағымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 бен 31 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру