Полицейлер қоғамдық кеңестің көмегімен халықпен қарым-қатынас жасауда
Полицейлер қоғамдық кеңестің көмегімен халықпен қарым-қатынас жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық кеңес өкілдерімен өткен форумда Мамлют ауданының полицейлері балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын, интернет алаяқтықтың алдын алу және өзге де өзекті мәселелерді талқылады.
– Қоғамдық кеңес 2017 жылы әр 12 ауылдық округте құрылды. Оның құрамында тұрғындар арасында құрметке ие адамдар барОның ішінде төрағалыққа полиция атына ескертулермен аса белсенді сөз сөйлегендерді ұсындық. Бүгінде олар біздің сенімді әрі қызығушылық танытатын серіктесіміз. Учаскелік инспекторлармен тығыз қарым-қатынас жасай отыра, жұмыстың ерекшелігін терең түсініп, олар құқықтық тәртіпті қолдауға өз үлестерін қосуда. Биыл әр кеңесте еріктілер қозғалысы құрылды. Еріктілер із-түссіз жоғалғандарды іздеуге, нашақорлықтың, интернет алаяқтықтың алдын алуға қатысады, – дейді Мамлют ауданының ПБ бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафин.
Иса Мұстафиннің айтуынша, осылайша полиция жұмысының сервистік моделінің негізі қаланады, оның мәні – құқықтық тәртіп саласында проблемаларды бірлесе анықтау және шешу үшін адамдармен берік серіктестік қарым-қатынас жасау. Сондай-ақ форумда аса белсенді төрағалар марапатталды. Оның ішінде Леденёв ауылдық округінен Күләш Мәженова да бар. Пандемия кезінде учаскелік инспектор карантинді қамтамасыз еткен тұста, ол округ әкімімен бірге профилактикалық жұмыстың бір бөлігін өз мойнына алып, еріктілер бастамасында құқықтық тәртіпті қолдаумен айналысты.
Полицейлер кездесудің маңызды сәті ауданның қоғамдық кеңестері арасында жұмысты үйлестіру, мемлекет пен халық бірлесе шешетін аса өзекті проблемаларды айқындау екендігін айта кетті.