Полицейлер семейлік тұрғынды тонап кеткен азаматты «ізін суытпай» қолға түсірді
Полицейлер семейлік тұрғынды тонап кеткен азаматты «ізін суытпай» қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамыр айының ортасында сағат 19:00 шамасында Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны хабарласып, сағат 17:00 шамасында Әуезов даңғылындағы №43 үйдің жанында белгісіз ер адам соққыға жығып, 190 мың теңге сомасында оның қаражатын ашық алып кеткенін хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» қаланың 51 жастағы жұмыссыз тұрғынын анықтап, ұстады. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.