Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері құрылыс алаңына ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады

Алматы полицейлері құрылыс алаңында болған ұрлық қылмысының бетін ашты. Ұсталған күдіктілердің ұрлықтың 7 дерегіне қатысы бар екені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті тұрғын Әуезов аудандық полиция басқармасына арызбен жүгінген. Оның айтуынша, түнде белгісіз біреулер тұрғын үйлердің бірінің құрылыс алаңынан құрылыс материалдарын ұрлап кеткен.

– Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Алғашқы жедел және тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті қаскөйлер анықталып, ұсталды. Олар 23 жастағы жігіттер болып шықты. Кейін белгілі болғандай, екі дос осылайша нәпақасын тауып жүрген. Мысалы, базарлардың бірінде олар ноутбук ұрлап кеткен. Күдіктілер қылмысын мойындады. Олардың осыған ұқсас 7 қылмысқа қатысы бар екендігі белгілі болды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ полицияда ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын айтылды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру