Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер шығысқазақстандық азаматтан нунчак суық қаруын тәркіледі

Полицейлер шығысқазақстандық азаматтан нунчак суық қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Глубокое ауданының тұрғыны заңсыз қару жасады деген күдікке ілінді. “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізу барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы ауыл тұрғынынан нунчакты тауып, тәркіледі. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат конструкциясы жеңілдетіліп, өзіндік тәсілмен жасалған соққы жасайтын суық қаруға жатады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 288-бабы 4-бөлігі бойынша екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

Айта кету керек, осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру