Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер: үй жануарларын ұстау ережелерін еске салды

Павлодарлық полиция қызметкерлері үй жануарын ұстау ережелеріне байланысты рейд жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғат қорғау полициясы қызметкерлері Павлодар қаласының ветеринарлық инспекциясы бөлімінің өкілдерімен бірлесіп «Яблонька», «Фрегат» және «Энтузиаст»саяжай алқаптары бойынша алдын алу рейдтерін өткізілуде.

Мал басы иелеріне ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті сақтау, үй жануарларының ауруына жол бермеу, жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы бөлінген алаңдарда мал сою ережесі түсіндірілді.

Иелерге ірі қара малдарынан түрлі ауруларға қарсы міндетті түрде вакцинациялау және қан сынамасын алу туралы, иттер мен мысықтардың құтырмаға қарсы вакцинациялау туралы белгіленген нормаларға сәйкес үй жануарларын ұстау ережелері туралы еске салды.

Осындай рейдтер қаланың барлық аумағында жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру