Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жол бойында жалғыз жүрген 2 жасар қыздың анасын тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалып кеткен қызды тауып, анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы Берік Палходжаев жол бойында екі жас шамасындағы қыздың жалғыз өзі жүргенін көреді.
Осы бойынша полицей бүлдіршіннің ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде балақайдың анасын тауып, аман-есен тапсырды.

Екі жастағы баланың ата-анасы Түркістан облысы Полиция департаментіне алғысын білдірді.

Тексеру барысында анықталғандай, анасы үйінде үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде, қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Сонымен қатар, қыздың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы Полиция департаменті кәмелет жасына толмаған балаларды жеке өзін ешқайда шығармауды, қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру