Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Жолдағы қабылдау” республикалық акциясының үшінші күнінде 29 тұрғынға кеңес берілді

Шымкентте “Жолдағы қабылдау” республикалық акциясының үшінші күнінде 29 тұрғынға кеңес берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев “Жолдағы қабылдау” республикалық акциясын ұзартуды тапсырған болатын. Яғни Шымкент қаласы Полиция депратаментінің қызметкерлері 26, 27, 28 тамыз күндері сағат 09.00-ден 19.00 аралығында, (Шымкент қаласы Достық мөлтек ауданындағы және Бекжан базары жанында орналасқан Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ) тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, кеңес берді. Нақтырағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 584 бұйрығы негізінде, Ұлттық стандартқа сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсыну арқылы тіркеу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, іс шара уақытында 8-708-345-65-74 сымтетігі жұмыс атқарып, қала тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру