Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған жүк көлігінің мас жүргізушісін анықтады

Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған жүк көлігінің мас жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби аудандық полиция бөліміне түнгі сағат 00:40 шамасында Мәдени ауылы көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы шықты. Полицейлер тексеру барысында жанармай құю бекетінің алдында Зил жүк көлігінің жүргізушісі Volkswagen Touareg көлігімен соқтығысып, жол апаты орын алғанын анықтады.

Жүргізушілердің құжаттарын тексеру кезінде Зил жүргізушінің мас күйіне күмән келтірген полицейлер оны медициналық сараптамадан өткізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын егде жастағы ер адамның “орта дәрежелі” мас халде екені анықталды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігімен тіркеуге алып, жинақталған іс құжаттарын сотқа жолдады. Ал Төлеби аудандық соты жүргізушіні кінәлі деп танып, 20 тәулік әкімшілік қамауға және жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырды. 

Сондай-ақ Леңгір қаласында да мас жүргізіші анықталды. Нақтырақ айтсақ, қала көшелерінің бірінде жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт ВАЗ 21074 автокөлікпен Toyota Camry көлігін соққан. Оқиға орнына шыққан полицейлер ВАЗ 21074 көлігінің жүргізушісі мас екенін анықтады. Нәтижесінде Төлеби аудандық сотымен жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамауға алынды. 

Төлебилік тәртіп сақшылары жыл басынан бері ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген 39 жүргізуші анықталған. Аталмыш жүргізушілердің 38-і әкімшілік қамауға алынып, тиісті жауапкершілігі қаралған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру