Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция бөлімдеріне 200-ден астам ақтөбелік жасөспірім жеткізілді

Ақтөбе облысында полиция бөлімдеріне 200-ден астам кәмелетке толмаған бала жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын өткізу фактілерінің жолын кесу мақсатында 24-27 наурыз аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Нәтижесінде полиция бөлімдеріне 204 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 200 жасөспірім сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін  заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған, 9 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция есебіне 53  жасөспірім және 37 қолайсыз отбасы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру