Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы түзету мекемесінде діни өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қарасты ГМ-172/10 түзету мекемесінде діни өкілдерінің қатысуымен семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – түрлі теріс ағымдардан сақтандыра отырып, отансүйгіштікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның аясында «Отпан»  ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының мамандары діни экстремизм және терроризм баптарымен жазаға тартылғандарға «Жазасын өтеушілер арасында діни радикализмнің алдын алу» тақырыбында дәрісті уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің хатшысы, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров, РАНТ мүшесі Азамат Төлепов, сонымен қатар, «Бекет-ата» орталық мешітінің наиб имамы Асқар Ахлиддин жүргізді.

– Дін мәселесі – өзекті тақырып. Әсіресе, оңы мен солын әлі жете танып-білмеген өрімдей жастардың діни көзқарасын қалыптастыру, оларға салиқалы әрі салмақты түсінік беру тек сала мамандарының ғана қолынан келетіні сөзсіз. Өйткені үстіртін немесе теріс мәлімет алған жастың жат ағымның жетегіне еріп кете беруі ғажап емес, – дейді діни өкілдер.

Олар сотталғандарға дәстүрлі ислам дінінің басты құндылықтары жайлы сөз етті. Қазақстанда ислам дінінің ханафиттік мазхабы таралғанын ескере отырып, еліміздің өсіп-өркендеуі, рухани тыныштығы үшін осы бағытпен жүру маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру