Түркістан тұрғыны мемлекеттен көмек аламын деп алаяққа алданып қалды
Түркістан тұрғыны мемлекеттен көмек аламын деп алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол жақын таныс емес әйелге сеніп, оның арбауына түсіп қалған. Яғни, мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз қаражат шығаруға көмектесетінін айтқан. Алайда ол тұрғынның ақшасын алған соң жоқ болған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі бір млн теңгені құрайды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшыларының іздестіру жұмыстары оң нәтиже беріп, күдікті өз мекенжайынан ұсталып, АПБ-ға жеткізілді.
Анықталғандай, күдікті әйел, яғни жергілікті тұрғын бұған дейін де алаяқтық жасап, сотты болған. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.