Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция сапындағы әйелдер марапатталды

Жамбыл облысында 130-ға жуық форма киген әйелдерді Полиция департаменті құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты рәсімге облыстық департамент аппаратының жеке құрамында қызмет ететін арулар мен ІІО ардагер әйелдері шақыртылды.

Департамент басшысының орынбасары Руслан Құрымбаев ҚР Ішкі істер министрінің құттықтауын жеткізіп, органда ерлермен бірге иық тіресе қызмет етіп жүрген арулардың темірдей төзіміне құрмет білдірді.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен 6 қызметкер марапатталса, Департамент басшысының бұйрығымен облыстық аппараттың жеке құрамында қызмет ететін әйелдер қауымы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Атап айтсақ, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен Меркі аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Д. Омарова — «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, Облыстық департаменттің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы С. Райымбекова “Құрмет грамотасымен”, Тараз қалалық Полиция басқармасы ЖПҚ кәмелетке толмағандар ісі бойынша аға учаскелік инспекторы Ш. Юсупова II дәрежелі «ІІО үздігі» төсбелгісімен, Жуалы ауданы полиция бөлімі анықтау тобының анықтаушысы М. Орынбек ІІМ-нің грамотасымен марапатталса, Тараз қалалық Полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің ақпарат және байланыс тобының инспекторы А. Алмерекова мен осы басқарманың криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі З. Егембердиеваға алғыс жарияланды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Полиция департаменті басшысының бұйрығымен Жамбыл ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Н. Жумкин, Талас ауданы полиция бөлімінің ақпарат және байланыс тобының аға инспекторы А. Ахатбекова, Байзақ ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы М. Өмірбековаға арнайы ПД қолсағаттары берілді.

Полиция департаментінің грамотасын — 25, алғыс хатын — 88 қызметкер алды.

Мерекелік іс-шараға сыйлы қонақ ретінде шақырылған отставкідегі ІІО-ның ардагерлеріне департамент басшылығы құрмет көрсетіп, алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру