Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция із-түзсіз жоғалған әйелді ауылдан тапты

Джуманованың таныстары оның алты күн бойы қайда болғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, полиция із-түзсіз жоғалған әйел Джуманованы танысының үйінен Алматы облысының Қарасай ауданындағы Көксай ауылында тапқан. 7 сәуірден бастап әйел адам сол жерде ішімдік ішкен.

“Джуманова азаматшаның балаларын қазір Қапшағай қаласында тұратын бұрынғы күйеуінің анасы бағып отыр. Джуманова балаларын соңғы рет 11 наурызда көргені белгілі болды. Оның туыстары жоғалып кету туралы арызды 11 сәуірде Алатау аудандық Полиция басқармасына берген. Дереу іздестіру ісі қозғалып, тергеу-жедел тобы құрылды. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. Барлық нұсқаларын тексерді. Біз бейнебақылау камераларындағы деректерді талдадық, Джуманованың кіммен кеткенін және ол, осы күндері тұрған үйді анықтадық”, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі  Салтанат Әзірбек.

Медициналық сараптама әйелдің мас болғандығын растады.

“Ол достарымен мас болған. Біз аллейкамен поля арқылы өттік, мас болдық, өттік. Біз тағы бір бөтелке сыра іштік. Ол ағасының мекен жайын білмеді. Бәрі, содан кейін бір-біріне қайда барамыз деп қарады, ол жерде менің достарым болды. Кеттік, сол жерде түнеп шығасың дедім. Біз сонымен бірге бір бөтелке арақ іштік”, – деді Г.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру