Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция өңірлерге марихуана жеткізудің екі арнасын жойды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі жеткізу арнасын жолға қоймақ болған қылмыскерлерді ұстау операциясын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі ер адам құрықталды. Олардың автокөліктерінен 27 дана целлофан орамдары бар үш сөмке тәркіленді. Онда 100 кг марихуана анықталды. Тыйым салынған заттар Маңғыстау облысына ауыр жүк көліктерімен Жамбыл облысынан жеткізілген.

Ұлытау облысында осыған ұқсас факт тоқтатылды. Өңірде есірткі қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу үшін бірқатар бекет орнатылған.

Қызылорда – Павлодар тас жолындағы осындай бекеттердің бірінде қызмет атқару барысында полиция қызметкерлері Mercedes Benz автокөлігін тоқтатып, скотчпен оралған қаптарды тапты.

Жалпы салоннан және жүк салғыштан барлығы 10 қап тәркіленді. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, онда 125 кг кептірілген марихуана болған.

Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру