Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерімін деп таныстырған алаяқ ұсталды

Қарағандыда жедел уәкілдер өзі полиция қызметкерімін деп таныстырып жүрген алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 40 жастағы әйел арызданған. Азаматшаның айтуынша, көшеде келе жатқанда оған белгісіз азамат келіп өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған. Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенінен ұрланған заттарды сатып алуға болатындығы туралы белгі берген. Шынында да осыған дейін бірнеше күн бұрын белгісіз біреулер жәбірленушінің дүкенін тонап қомақты соммада шығын келтірген болатын.

Сондықтанда арызданушы еш күдіктенбестен белгісіз азаматқа 660 мың теңге ақша беріп, бірер сағат өткен соң өзінің алданғанын біліп, полицияға арызданған. Жәбірленушінің түсіндіруі бойынша күдіктінің бет әлпетін келтіретін фото-суретін салып, күдіктінің шашамен 35-50 жас аралығында екені болжанды.

27 тамыз күні полиция қызметкерлерінің жүргізген тынымсыз жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық фактісін жасады деген күдікпен 48 жастағы азамат қолға түсіп, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру