Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған құжатпен зейнетақы алып келген қарағандылықтар анықталды

30 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне екі алаяқтық фактісі бойынша материал тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала анықталғандай 71 жастағы ер адам 2000 жылы өзінің еңбек өтілі бойынша жалған құжаттар тапсырып, 20 жыл бойы жалпы соммасы 7 миллион 400 мың теңге заңсыз зейнетақы алып келген.
Сондай-ақ, жиырма жыл бойы өзіне қолайлы еңбек өтілін жасаған 75 жастағы әйел де жалпы соммасы 9 миллион 300 мың теңге зейнетақы алған.
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру