Полиция қызметкерінің көмегімен нәресте дүние есігін ашты
Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерінің көмегімен ер бала дүние есігін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында бір ғимаратта жергілікті фельдшер-акушерлік пункті мен сайлау учаскесі іргелес орнасқан, ауылдық мектептің бірінде нәресте дүниеге келді. Кешкі сағат жетілер шамасында көрші Рощино ауылының абыржыған күйдегі фельдшері есік қағып, Хлеборобное ауылындағы сайлау учаскесінде кезекшілікте тұрған полиция қызметкерінен көмек сұрайды. Аудан орталығы Булаевоға босанатын әйелді апара жатқан фельдшер, аудандық ауруханаға жете алмайтындығына алаңдап, жақын маңдағы медициналық пунктке көмекке жүгінген. Рощино ауылының 34 жастағы тұрғынының толғағы жиілей бастайды. Полицей Ольга Кангозина дереу аудандық ауруханадағы дәрігерге қоңырау шалып, олардың нұсқауы бойынша әрекет етете бастайды. Аудан орталығынан Хлеборобное ауылына жедел жәрдем жіберілді. Бірақ уақыт күттірмей, толғағы жеткен әйелді полиция қызметкері мен фельдшердің өздеріне босандыруға тура келеді.
– Мен әлі күнге дейін өз-өзіме келе алмай жүрмін. Қайшыны дезинфекциялап, баланың кіндігін өзім кестім. Торсықтай ер бала дүниеге келді. Өлтіріп аламыз ба деп жаман қорықтым. Бала туғаннан кейін ешқандай дыбыс шығармады. Арқасынан қаққаннан кейін ғана шыр ете түсті. Сонда ғана қиындық артта қалғанын сезіндім…, – дейді 8 қаңтар күні кешке болған оқиға жайлы Ольга Кангозина.
Ольгаға өзінің тәжірибесі де пайдасын тигізді, 11 жыл бұрын дүниеге қызы келген. Акушер-дәрігерлердің айтқандарын есіне түсіріп, соларды әйелден босану кезінде орындауын сұраған. Сәби дүниеге келгеннен соң, бірнеше минуттан кейін ауданнан жедел жәрдем келіп жетті. Ойдағыдай бөбегін бауырына қысқан әйел, дәрігер және полиция капитаны тіпті естелікке суретке түсіп те үлгерді.
Жедел уәкіл Ольга Кангозина құқық қорғау органдарында бес жыл қызмет еткен мерзімде көп нәрсені басынан өткерген, өйткені полицейлер әр түрлі оқиғаларға тап болып жатады. Бес жыл бойы ол тергеуші болып жұмыс істеп, қылмыскерлермен бетпе-бет келіп, мәйіт табылған орындарда болған. Бірақ, осы қызмет еткен жылдардағы ең қиыны босандыру болды дейді полиция капитаны.
– Шынымды айтсам, мен қатты қорықтым. Қолымнан келе ме, жоқ па деген ой мүлдем болған жоқ. Бұған дейін түс көрдім. Түсімде менің ержеткен, ересек ұлым бар екен, бірақ өмір маған осындай сынақ жібереді деген ой мүлдем болған емес, – дейді нәзік жанды «акушер» полицей. Осы оқиға жайлы білген әріптестерім «Біздің Сайлаубегіміз қалай?» деп, менімен әзілдейді. Ал, Ольга болса, дүниеге келген нәресте отбасында үшінші бала екенін, есімін Даналы деп қойғанын білді. Ол анасымен бірге ауруханадан шығып, үйіне баруға дайындалып жатыр.