Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері жоғалған екі бүлдіршінді тапты

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жоғалған екі бүлдіршінді өз отбасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Арызда сағат 11:00 шамасында кәмелет жасына толмаған екі немересі үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы көрсетілген. Өз беттерінше іздеуден еш нәтиже шықпаған. Содан соң әжей полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері жұмылдырылып, іздестіру шаралары жүргізілді. Тәртіп сақшылары үй маңындағы көшелерден іздеуге кірісіп, көрген-білгендерден сұрастырады. Атқарылған іс-шара барысында полицейлер бір сағат көлемінде Мырзакентің орталық базарларының бірінен екі жасөспірімді тауып, полиция бөліміне жеткізді. Табылған екі баланы әжесіне аман-есен табыстады. Анықталғандай балалар үйдің ауласында ойнап, үлкендердің назарынан тыс қалып, көшеге шығып кетеді.

Полиция қызметкерлерінің атқарған істеріне көңілі толған әжей Мақтаарал ауданының полицейлеріне өз алғысын айтты.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларыңызды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Ал, егерде балаңыз хабарсыз, жоғалса тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру