Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияның қалай жұмыс істейтінін тексермек болған жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды

Жамбыл облысында полицияның қалай жұмыс істейтінін тексергісі келген жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 112 нөміріне қоңырау шалып, көмекке мұқтаж екенін хабарлаған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Жаңылыстыру үшін қоңырау шалған балалар Ақтөбе қаласында екенін айтқан.

Полицейлер әңгімелесу барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін әзіл ретінде қоңырау шалғанын түсіндірді.

Жалған ақпарат үшін жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы (Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру, 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Жамбыл облысының полиция департаменті әрбір осындай деректерге жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын ескертеді. Қаскүнемдерді анықтау – уақыттың еншісінде. Барлық азаматтар мұндай “ойындар” үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру