Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияның сервистік моделі: Атырау облысында 232 учаскелік инспектор жұмыс істейді

Атырау облысында 232 учаскелік инспектор жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде полиция қызметі сервистік модельге көшті. Сервиске бағдарланған полиция қызметі – полиция мен қоғамға құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін модель. Яғни, учаскелік пункттердің, мобильді посттардың қолайлы жерлерде орналасуы, техникалық тұрғыда сақадай сай жабдықталуы. Осының арқасында тәртіп сақшыларының әрекет етуі де жылдам болмақ.

Негізгі мақсат – қажеттіліктерге жауап беретін және қоғаммен серіктестікте жұмыс істейтін кәсіби, өкілді, есеп беретін орган құру.

– Жалпы облыста штат лауазымы бойынша 232 учаскелік полиция инспекторы және 71 учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызмет атқаруда. “Жұртқа жақын полиция” қағидаты Жергілікті полиция қызметінің жұмысына жаңа серпін берді. Мәселен, Индер, Махамбет, Мақат ауданы және қала аумағында төрт стационарлық бекеттер салынып, қолдануға берілуде. Сервистік модельді жандандыру мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері еріктілер ретінде жұмылдырылды. Сондай-ақ, өңірлік полицейлер адамдар көп шоғырланатын жерлерде, яғни сауда орындарында, әкімшілік аумақтарда полиция қызметіне халықтың көзқарасы мен пікірін біліп, оған жақын болуы үшін сауалнамалар жүргізуде, – деді Атырау облысы ПД Жергілікті полиция департаменті бастығының орынбасары Абзал Әліпқалиев

Айта кету керек, сервистік модельдің маңыздылығы – қоғам мүшелерінің қауіпсіздік мәселелерді анықтау процесіне белсенді қатысуында. Бұл полиция қызметіне терең өзгерістер енгізеді.

Өзара іс-қимылдың осы модельдерін қолдану жергілікті жерлерде полиция жұмысының сапасын арттыруға және ішкі істер органдарын реформалау бойынша қойылған міндеттер шеңберінде мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізуге ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру