Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Премьер-Министрдің орынбасары мен ІІМ жұмыс тобының бірлескен отырысы өтті

Премьер-Министрдің орынбасары мен ІІМ жұмыс тобының бірлескен отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың қатысуымен жаңа реттеушілік саясатты енгізуді іске асыру және бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Онда кәсіпкерлік саласындағы реттеушілік актілердің, оның ішінде ІІМ реттейтін актілердің талаптарын талдау нәтижелері туралы ақпарат жеткізілді.

Бұл ретте, кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі жаңалық болып саналады. Онда реттеушілік актілердің олардың жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу мерзімдері айқындалатын болады. Оның ерекшелігі – кәсіпкерлерді тізілімде көзделмеген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босату.

Айта кетейік, ІІМ жұмыс тобының отырыстары шеңберінде Халықтың көші-қоны саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын реттеу актілерінің талаптарын қайта қарау, күзет қызметі, күзетшілерді даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі және күзет дабылы құралдарын монтаждау жөніндегі қызмет жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру