Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ұрланған 14 ірі қара малды иесіне қайтарып берді

Абай облысының полиция қызметкерлері ұрланған 14 ірі қара малды иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қарашада Көкпекті ауданы ПБ-ға 49 жастағы Тассай ауылының тұрғыны жүгініп, 10 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін Құрайлы учаскесінен еркін жайылымнан 14 бас ірі қара мал жоғалғанын хабарлайды. Келтірілген шығын көлемі 3,9 млн теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ауданның криминалдық полиция қызметкерлерімен шаруа қожалықтарының бірінде малшы болып жұмыс істейтін 60 жастағы ер адам анықталды. Қаскөй өзі жұмыс істейтін ШҚ-ға тиесілі жылқыларды іздеу кезінде олардың қасында жайылып жүрген 14 бас ірі қара малды көзі шалып қалады, осы кезде 60 жастағы малшының қылмыс жасауға деген арам ниеті пайда болып, 14 бас ірі қара малды ұрлап кеткен.

Жоспарын жүзеге асырған ер адам ұрланған малды Жарма ауданына айдап әкеткен. Полиция қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижесінде жоғалған мал иесіне қайталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-тармағының 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру