Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегі ер адам шаштараз ашты

Қызылорда облысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Соның бір дәлелі, Қазалы аудандық пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту бөлімі, пробация есебінде тұратын Б. есімді ер адамды мемлекеттік “Бастау Бизнес” бағдарламасы арқылы бір айлық “кәсіпкерлік негіздері” курсын тегін оқытты. Мамыр айында бір айлық курсты аяқтап, сертификат алған Б.-ға жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатында “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың” 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 555 600 теңге қайтарымсыз грант берілді. Бұл адамның гранттың қаржысына шаштаразға қажетті құрал- жабдықтар сатып алып, өзінің жеке шаштаразын ашты.

– Біз сияқты аяғын шалыс басқан азаматтарға мемлекеттің беріп отырған осы мүмкіндігін уақыт  жоғалтпай тиімді пайдаланып, “Бастау Бизнес” жобасын тегін оқып сертификат алдым. Шаштараз ашып, халыққа қызмет етсем деген мақсатым болды. Негізі, бұл кәсіппен көптен бері айналысамын. Туыстарымның, таныстарымның шаштарын алып жүрдім. 2018 жылдан бері Қазалы аудандық пробация есебінде тұрамын. Білім алып, жеке кәсібімді ашуыма пробация қызметі көмектесті. Қазір менің салоныма алғаш ашылған күнге қарағанда көптеген клиенттер келуде. Осыншама көмек беріп жатқан мемлекетімізге, Президентімізге рахмет, бізді қоғамнан сотталған деп бөлмей, көмек беріп жатқанына, – деді пробация есебінде тұрған Б есімді ер адам.

– Жыл басынан пробация есебіндегі екі адамға 530 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Оның біреуі ағаш цехын ашса, екінші адам құрылыс саласында сметалық жоба сызуға жәрдемдесу бойынша өзінің кәсібін ашқан. Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер, пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізеді, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Сражатов.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру